«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК студенттері мен ата-аналары арасында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы мен әдістері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында 2020 жылғы қазан айының 09-ы күні педагог-психолог Т.М.Мухамеджанова ZUM платформасында «Қазіргі жасөспірімдердің психикалық денсаулығы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.

Онда салауатты өмір салты, оның ішінде жеке, физикалық, рухани, психикалық және әлеуметтік денсаулық мәселелері қарастырылды. Өмірге деген оң көзқарас, қалыптасқан жағдайлардан шығу жолын таба білу мәселелері қозғалды.

Қатысушыларға психологиялық денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны дұрыс қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.

 Сонымен қатар ZUМ платформасында карантин жағдайында денсаулықты сақтау мәселелері бойынша колледждің медицина қызметкері Г.Т. Кожахметова сөз сөйледі.

     1992 жылдан бастап 10 қазанды Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын.