2020 жылғы тамыз айында қашықтықтан оқыту форматында Павлодар облысы колледждерінің Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу процесін жобалау» тақырыбында білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курс өтті.
Курс бағдарламасы Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің құқықтық және пәндік құзыреттілігін, зерттеу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды дамыту арқылы шығармашылық әлеуетті қалыптастыру, тілдік дағдыларды дамыту құралы ретінде Б.Блум таксономиясын зерттеу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтыды.
Курс тыңдаушыларға ББЖҰ шеңберінде оқушылармен нақты, логикалық сабақтарды қалай дұрыс әзірлеу және өткізу, әр сабаққа тапсырмаларды әдістемелік сауатты таңдау, өзінің сөйлеу және коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру, әрі қарай дамытуға ынталандырды.
Тыңдаушылар студенттерді мақсат қою және оқуды жоспарлау процесіне тарту үшін не істеу керектігін, сабақтың рефлексиясын жүргізу қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді және біледі.
Біз алған дәрістердің (презентациялардың) қосымша материалдары бар электрондық папка тыңдаушылардың әдістемелік қоржынын толықтырады.
Курс соңында тыңдаушылар оқу барысында алған білімдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған шығармашылық міндеттерді ескере отырып, заманауи сабақты қысқа мерзімді жоспарлау жобаларын әзірлеп, сәтті қорғады.
Тыңдаушыларға аудиториямен чатта тәжірибелері-педагогтар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен, өз ойларымен бөлісіп, жұмыс жасағандары ұнады.
Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, курс тренері Галимова Сәуле Жеңісқызына қызықты танымдық курс және өз тәжірибесімен бөлісіп, әр түрлі сұрақтарға шыдамды түсініктеме бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз !