2020 жылдың 16 наурызынан бастап Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі қашықтықтан оқытуға EduPage жүйесі бойынша көшірілді. Осы орайда колледжімізде ұйымдастыру жұмыстары қарқынды дамып жатыр.
Қашықтықтан оқыту жүйесі 396 студент қамтиды. Практикадан өтіп жатқан топтар ішкі бұйрық бойынша қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді.
Сабақтар бекітілген кестеге сәйкез жүргізіледі.
Барлық лекция материалдары, презентациялар, тест тапсырмалары мен тексеру жұмыстары студенттерге электрондық форматта берілді. Колледж студенттері тапсырмаларды орындап, жауаптарын оқытушылар талабына сай орындау үстінде.
Кері байланыс жүйесі  EduPage платформасы арқылы орындалады.
Студенттерге Google disk қосымшасына кіруге нұсқаулық:
https://docs.google.com/spreadsheets/d/19Wj_WtVcWktxihxq2JYgrZvinuzYe-0afFdgYqBFM78/edit?usp=sharing
Техникалық сұрақтарыңыз болсын топ кураторына (өндірістік оқыту шеберіне) хабарласыңыз.