«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-де 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлау барысында «Екі жұлдыз» конкурсы өтті.
Конкурсқа сынып жетекшілер, өндірістік оқыту шеберлері және студенттер қатысты.
Колледж психологы Т.Мухамеджанованың жетекшілігімен қатысушылар конкурсқа бар күш-жігерлерін салып қатысты. Қатысушылардың репертуарларында лирикалық сонымен қатар заманауи эстрада әндері болды.
Конкурс жүргізушілері де арасында мазмұнды әңгімелер айтып, қатысушыларды таныстырулары да ерекше болды.
Байқауды «Экскаватор машинисі» мамандығының №19 топ студенттері Маер Федор мен Молдабаев Алмастың «Между нами километры» әнін орындаумен басталды.
Өндірістік оқыту шебері Ж.Ф.Копежанова мен «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері» №35 тобының студенті Жумадилова Дидардың орындауында ана туралы әні барлығының жүректеріне жеткізе отырып, осы байқауда І орынға ие болды.
«Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы №37 тобының студенті Олег Ильин және өндірістік оқыту шебері Б.Б.Исаев өздері шығарған әндерін РЭП түрінде жеткізді.
Одан кейін өндірістік оқыту шебері Расола Ерке мен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті Шалабай Назгуль сахнада нәзік сезіммен ән шырқады. «Токарь» №30 тобының студенті Сансызбай Наурызбай мен өндірістік оқыту шебері Жабикенова Балжан «Әдемі» әнін орындай отырып, аталған байқауда ІІ орынды иеленді.
«Электровоз машинисінің көмекшісі» №34 тобының студенттері Жармухамбетов Кирилл мен Аждаров Казбек өз шығармашылығынан «Ана» атты әнін ұсынып, барлық қатысушыларды таң қалдырды.
«Токарь» № 36 тобының кураторы С.Т. Махметова, ө/о шебері Д.А.Таурбаева және Сартай Ерхан, Мубараков Дидар «Шудың бойында» әніне қызықты көрініс ұйымдастырып, көрермендерге көңілді көңіл-күй сыйлап, ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Колледж түлегі Жетбесбаев Арыстан және музыкалық жетекші Марат Ахаев 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, бірнеше ән-қоржындарын көрермендерге тарту етті.
Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар, көрермендер ұйымдастырушылар Т.Мухамеджановаға және №25 тобының ө/о шебері Г.Абетоваға алғыстарын білдірді.
Осы байқау барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады!