2020 жылдың ақпан айының соңында Павлодар техникалық сервис колледжінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның тақырыптық бағыттары:
1. Рухани жаңғырудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.
2.Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.
3.Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен үрдістері.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінен 1 курс студенттері Клектесов Теміржан, Сыздыков Ерсайын, Шалабай Назгүл қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Шалабай Назгүл жүлделі ІІ орынға ие болып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сандуғаш Темірболатқызы Махметова алғыс хатқа ие болды. Клектесов Теміржан, Сыздыков Ерсайын сертификаттармен марапатталды (Жетекшілері: Ертай Тілеужанұлы Қасымов, Жанар Мұратқызы Қонысбекова).