2020 жылдың 21 ақпанында өндірістік оқыту шебері Генш Екатерина Дмитриевна және жылжымалы құрам бойынша арнайы пән оқытушысы Мурзаханова Марьям Умутбаевна оқу-әдістемелік кешен бойынша шығармашылық есеп берді. Әдістемелік кешен төмендегілерді қамтыды: слесарлық және электр монтаждау ісі бойынша сабақтар әзірлемелері, тест тапсырмалары, «Автоматты тежегіштер», «Электровоз құрылғысы және жөндеуі» пәндері бойынша электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, виртуалды бағдарламалар. Тақырыпты бекіту үшін «Тест конструкторы» бағдарламасы қолданылады. Оларға: дәрістер әзірлеу, тест жинақтары, технологиялық карталар жатады. Арнайы технология пәні бойынша үш тілде глоссарий бар.