2020-жылғы ақпанның 12-күні колледжде жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесі бойынша Екібастұз қаласының наркодиспансерінің психолог маманымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты аталған мәселе бойынша студенттеріміздің көзқарастарын анықтау және алдын алу шараларын қарастыру. Жиынға колледжіміздің І және ІІ-курс білімалушылары қатысты. Психолог маман қаламыздағы соңғы уақыттағы жағдай туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар жастарымыздың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Кеш барысында суицид мәселесінің өзектілігін және оның алдын алу шараларының орнын атап өттік. Студенттердің досына, жақындарына әрдайым көмек көрсетуге дайын екендіктеріне риза болдық. Қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар, құрметті достар!