Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2020 жылы ақпанның 19-ы күні жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде математика пәнінің оқытушысы Бекежан Сүйіндікұлы Мұсабаев семинар өткізді.
Жаңартылған білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Жаңартылған білім беру мазмұны оқушылардың оқу дағдыларын (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым), ойлау дағдыларын (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау), шығармашылық ойлау, логикалық ойлау, сыни ойлау, алгоритмдік ойлау, проблемалық ойлау, технологиялық ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Б.С. Мұсабаев оқытушылармен тренинг-ойындар өткізіп, қойылған сауалдарға жауап берді. Семинар тиімді, әрі мазмұнды ұйымдастырылды.