Сенбі 25 қаңтар күні қысқы велотренировка өтті. Екібастұз қ. сағат 11-де «Қайнар» ББК ғимаратының жанына «8 миля» спорттық велотуризм орталығының белсенді өкілдерінен тұратын мықты команда жиналды. Велосипед шеруіне шықпас бұрын А.Ф. Пырлик қатысушылармен нұсқаулық жүргізді. Өзін әрқашан жақсы қалыпта ұстау үшін, велосипедпен үнемі жүру керек, сонда ғана күш пен төзімділікті сақтауға болады. Қыста велосипедпен жүру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиынға соқтырады. Дегенмен, қысқы кезең-денені шынықтыру үшін тамаша уақыт. Бұл кезеңде жалпы дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аудару керек: шаңғы спорты, жүзу.
Сонда қысқы велошеруі қалай болмақ? Оның еш қиындығы жоқ! Тек шығып жаттығу керек, сонда ғана ауа райының қолайсыздығы сізді күшті етіп шығарады. Қысқы уақытта велосипедпен жүру үшін, оны автомобиль сияқты дайындау қажет. Екі дөңгелектерге де қысқы сыртқы резеңкесін ауыстыру керек, қарлы тас жолдарда велосипедтерді тұрақты ұстай алады. Қысқы киім – кешектің нұсқаларын қарастыру қажет, киім-кешек қозғалыстарды кедергі келтірмейтіндей, сонымен қатар суық пен желден жақсы қорғанысқа қызмет етуі тиіс. Суық ауаның тыныс алу жолдарына тікелей түсуінен қорғайтын бетке арналған арнайы қысқы масканы пайдалану қажет. Жаттығу кезінде организм шынығады және салқындауға аз әсер етеді. Суықта жаттығу жасап үйренген адам, қыс мезгілінде көп ауыра бермейді.
Қысқа фотосессиядан кейін велосипедшілер тобы 15 км қашықтықта жаттығу веложарысын өткізді.
Веложүрістің барлық қатысушылары жақсы дене дайындығын, қысқы ауа-райы жағдайына төзімділікті және жолдағы қар басқан жол учаскелерінен өту техникасын көрсетті.
Екібастұз қаласының «8 миля» спорттық велотуризм орталығы Павлодар өңірінде ұйымдастырылатын велосипед және туристік жобалардың модераторы болуды жоспарлап отыр.
Велотуризм орталығы велотуризмді қолжетімді, беделді спорт және қала тұрғындарының бос уақытын өткізуге көмектеседі, туған өлкесінің туристік тартымдылығын ашады.
Бүгінгі күні орталықтың табысты жұмыс істеуі үшін «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде орындар қажет.
«8 миля» спорттық велотуризм орталығы жылдың кез келген уақытында қала және қаладан тыс жерде велоэкскурсия ұйымдастыруды, сондай-ақ қатысушыларға санаттар мен спорттық разрядтарды беру арқылы көпкүндік экспедицияларды өткізеді.
Барлық ниет білдірушілерді “8 миля” велоклубына қатысуға шақырамыз. Велотренировка сенбі күні сағат 11.00-де өткізіледі. Қатысушылар «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің жанында жиналады. Орталық басшысы Пырлик Анатолий Филипповичтің телефон нөмірі: 8-705-408-07-58.