Абай әлемі- қазақ әлемі. Алаштың алып темірқазығына арналған тұғырлы тұлғаның рухани келбеті бүгінде тұтас ұлт болмысын айшықтап тұр.
2020ж. қаңтардың 24-і күні біздің білім ордамызда қазақ тілі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың-ұлы тұлғасы», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді. Бұл кеште 1,2 курс студенттері ұлы ақынның әндері мен өлеңдерін оқып, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жас Абай образын талқылады. Студенттер өз пікірлерін ортаға салып,әр жас жеткіншек ұлы Абайдың ақын ретінде қалыптасу жолдарын анықтап, романнан үзінді көрініс көрсетті.Әдеби кеш ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.