Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2020 жылдың 24-ші қаңтарында арнайы пән оқытушысы М. У. Мурзаханова, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ж.К.Бейсенов, дене шынықтыру пәнінің оқытушы Е.А.Полупанова №34 тобының бірінші курс студенттерімен интернационалист-жауынгерлерге 31 жыл толуына байланысты салтанатты кеш өткізілді. Кешке Ауғаныстанда қызмет еткен жауынгерлер қатысты. Олар: Рыспеков Канат, Актлесов Амантай, Баянкулов Мадигали. Кешті ұйымдастырудың басты мақсаты- Ауған оқиғасының тарихи – түпнұсқалық шындығымен, тәуелсіздік үшін күрескен ержүрек бауырластарымызбен танысу болды.