2020 жылдың 21 қаңтарында Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз қалалық тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында «8 миля» қалалық велоклубының отырысы өтті.
Отырысты қаламызда аты белгілі, бірнеше велоэкспедицияларға қатысушы Екібастұз қаласының «8 миля» спорттық велотуризм орталығының басшысы , ерекше велоэкспедицияларға қатысушы, қаладағы атақты велосаяхатшы Анатолий Филиппович Пырлик жүргізді.
Анатолий Филиппович Пырликпен бірге оның спорттағы достары: велотуризм бойынша нұсқаушы Александр Васильевич Неупокоев және ЖОББ №33 мектеп 11 сынып оқушылары , Павлодар география үйі Екібастұз филиалының мүшелері Назар Куксов және Евгений Михайлюта келді.
Отырысқа велотуризммен шұғындануды мақсат етуші ЕҚТК студенттері қатысты. Сұхбат кәсіби және достық қарым-қатынаста жүргізілді. Студенттер саяхаттаушыларға «Неше жасыңыздан бастап спортпен шұғылдана бастадыңыз?», «Саяхатқа шығуға дайын болу үшін қанша мерзім дайындалу қажет», «Қай уақытта біз велосаяхатқа шыға аламыз», «Экспедицияға бару үшін өзіңмен бірге не алу қажет?» және т.б сұрақтар қойылды.
Анатолий Филиппович Пырлик өзінің бала кезінен велосипедтен еш ажырамағандығын айтты. Сонымен қатар оның өмірінде, әсіресе әскери борышын өтеу барысында көп көмектескен сүйікті спорт түрінің бірі спорттық гимнастика. Екібастұз халқын велотуризмге тарту мақсатында Анатолий Филипповичтің бастамасы бойынша 2019 жылдың жаз маусымында «8 миля» велотуризм спорт орталығы құрылды. Ол ЕҚТК студенттерінің велоклубқа үнемі қатысушылар қатарынан болатындығына үмітін білдірді.
Велотуризм бойынша нұсқаушы Александр Васильевич саяхатқа қалай және жабдықталу қандай болу керектігі, экспедицияда неге дайын болу керектігі жөнінде нұсқаулық жүргізді.
Евгений Михайлюта 2019 жылғы жаз маусымындағы мол әсер қалдырған велоэкскурсиясын әңгімелеп, студенттерге велотуризммен шығылдануға кеңес берді.
Отырыс соңында бірінші жаттығу мерзімі 25 қаңтар күні таңғы сағат 11-ге тағайындалды. Кездесу орны «Қайнар» БШО. Барлық қатысам деушілер өз велосипеттерімен шақырылады. Кездесуге №34, 35, 36,37, 38 топ студенттері, барлығы 25 бала қатысты.