Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-техникалық колледжінде 27 қараша күні екібастұздық велосаяхатшы Пырлик Анатолий Филипповичпен “Әлем менің көзіммен“атты кездесу өткізді.

       

Кездесу жүргізушісі колледж кітапханашысы Кожемяк Ольга Викторовна біздің қаламызға танымал, белсенді өмір ұстанымы бар, Екібастұз, Павлодар облысында және Қазақстанда бірегей велоэкспедицияларды ұйымдастырып жүрген керемет адам Анатолий Филиппович Пырликті таныстырды.

Анатолий Филипповичпен бірге спорттағы жолдастары: №33 ЖОМ-бінің 11 сынып оқушысы Назар Куксов – Павлодар география үйі Екібастұз филиалының директоры және оның орынбасары Евгений Михайлютте кездесуде болды. Оларда қазірдің өзінде мыңдаған километрлік велосипед жарыстарының тәжірибелері жетерлік. Сондай-ақ қонақта Екібастұз инженерлік-техникалық институтының 1 курс студенті Анатолий Филипповичтің қызы Ульяна Пырликта қатысты.

Анатолий Филиппович Пырлик велотуризмді Екібастұз тұрғындары үшін бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының сәнді, беделді, қолжетімді түріне айналдырғысы келетін ойымен бөлісті. Осы мақсатта оның бастамасымен Екібастұзда 2019 жылы “8 миля”спорттық велотуризм орталығы құрылды. Велосипед спортына Анатолий Пырлик өзінің барлық саналы өмірін арнаған. Ал өзінің құрметті демалысына шыққаннан кейін екі дөңгелекті осы көлікке бос уақытын арнайтынын жеткізді. Осылардың барлығының нәтижесі ретінде біз оны үнемі интернет беттеріндегі периодты түрдегі шығып жатқан рекордтар мен оқиғаларын көре аламыз. Студенттермен кездесу барысында Анатолий Филиппович олардың барлығына жеке тоқталып, “Әлем менің көзіммен” атты тақырыптағы саяхат барысында жасалған фотосуреттерімен таныстырды.

Анатолий Филипповичтің әңгімесінен көпжылдық тәжірибесі бар велосаяхатшы екенін білдік. Тек соңғы 5 жылдың өзінде ол өз велосипедімен 15 000 километрден астам қашықтықты бағындырған. Анатолий Пырлик достарымен бірге Баянауылдың тарихи орындары бойынша бірнеше велосипед турын, Астанаға веложарыстар ұйымдастырып, Байкал көлінің орасан зор мұз жарысы бойынша халықаралық қысқы экспедицияға қатысқандығын жеткізді. Қырғызстанға саяхатты ұйымдастырушылардың бірі және Шығыс Қазақстандағы Еуразияның географиялық орталығын іздеуге атсалысқан. Қысқы уақытта Анатолий Филиппович Ертіс-Қарағанды арнасының бойымен 555 км велосипедпен жүріп өткен. Туризм нұсқаушы Александр Неупокоевпен бірге ол Сарыарқа бойымен жүріп өтіп, Түркияда тау серпантинінен халықаралық веложарыс ұйымдастырған, Алматы облысындағы Іле және Жоңғар Алатау таулары бойынша экспедицияға қатысушылардың бір болды. Анатолий Филиппович экспедицияға қатысушылармен бірге спорттық велотуризм бойынша спорт шеберіне үміткер нормативін орындаған. Экспедициялар аз болмаған және олар велосипедпен жасалған.

Студенттер қызығушылықпен тындап, саяхатшыға: “Мұндай қашықтықты өту қаншалықты қиын?”, “Мұндай саяхатқа дайын болу үшін қанша уақыт керек?   Клубқа қайда жазылуға болады? Велосипедтерді кім береді?” деген сияқты сұрақтарды қойды.

Жас географтар Назар Куксов пен Евгений Михайлют Павлодар география үйі Екібастұз филиалының қызметі туралы, саяхат кезінде жасаған экскурсиялар мен жаңалықтар туралы әңгімелерімен бөлісті. Олар барлық тілек білдірушілерді өз қатарына шақырды.

Ульяна Пырликтің өнер көрсетуі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар Ульяна Пырликтің велосипедке деген махаббаты әкесінің суреттерінен бастау алғанын білді. 2017 жылы Ульянаның “Балықшы” және “Шексіздікпен оңашада” фото жұмыстары Дүниежүзілік жастар фотоконкурсында үздік деп танылған. Ульяна 5 сыныптан бастап ағылшын тілін оқып, Америкада болуды армандаған. 2018 жылы оның арманы орындалып, ол FLEX халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ-та 10 ай оқып, ағылшын тілін жетілдірген. Ульяна балаларға сапардан алған әсерлері туралы ой бөлісті.

Балалар осындай жас, нәзік, бірақ сонымен бірге мақсатна жете білетін, мықты, еңбекқор қызды үлкен ықыласпен тыңдады.

Ульяна ағылшын тілінде қойылған студенттердің: “Ағылшын тілін қалай үйрендіңіз және қалай жетілдірдіңіз?”, “Сіз АҚШ-қа қалай бардыңыз? Қандай емтихандар тапсыру керек?”, “Сіз онда жаңадан не үйрендіңіз?”, “Американдық жастар немен ерекшеленеді?”, “Сіз қандай қалалар мен қызықты орындарға бардыңыз?”, “Сіздің болашаққа жоспарыңыз?”және тағы да басқа сұрақтарына жауап берді.

Әңгіме өте қызықты, достық қатынаста өтті. Қонақтардың әңгімесі түрлі саяхаттардан және өмірдің қызықты кезеңдерінен алынған слайдтар мен фотосуреттерді көрсетумен жалғасты.

Кездесу соңында кітапханашы О. В. Кожемяк жастар арасындағы спортты насихаттаушысы ретінде А. Ф. Пырликқа алғысын білдіріп, оған Екібастұз тау-кен техникалық колледж ұжымының атынан алғыс хат табыс етіп және қонақтарға кітап сыйлады.

Кездесуге № 28, 31, 37 топ студенттері қатысқан болатын. Студенттер қонақтармен қуана қуана естелікке ұжыммен фото жасады. Кездесу аяқталғаннан кейін студенттер көтеріңкі көңіл-күймен шықты. Ешкім бей-жай қалған жоқ. Тындаушылар осындай керемет және талантты адамдармен кездескен кезде сол адамдардан күш алып, осындай адамдарға ұқсап, мықты әрі лайықты өмір сүріп жақсы жетістіктерге қол жеткізуге тырысатындай әсер аламыз деп жақсы ойларымен бөлісті.

Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің №31 тобының студенттері, сынып жетекшісі Елисеева Н. Э., ө/о шебері Исина А. Ж.