Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «1-желтоқсан-Дүниежүзілік СПИДке қарсы күрес» күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Білімгерлер арасында  «СПИД-тің алдын алу шаралары», «Өмірге – ия, СПИДке – жол жоқ» тақырыптарында диктанттар мен шығармалар жазылды. Түрлі үнқағаздар таратылды. 1-ші және 2-курс студенттері арасында тесттер мен кроссвордтар құрастырылып, «Квест» ойыны өткізілді. Бірінші курс білімгерлері арасында «Мен ЖҚТБ/ЖИТС-ке қарсымын» тақырыбында плакаттар сайысы өтті. Олар түрлі суреттер салып, сайыс өте қызықты болды. 35-ші және 36-шы топ студенттерінің плакаттары тақырыптың мағынасын айқын ашып және көркем орындалғандықтан бірінші орынды өзара бөлісті. Сонымен қатар аталмыш тақырыпта әр топтарда жоғары деңгейде сынып сағаттары өткізілді. Студенттеріміздің алған әсерлері мол. Келешекте олардың білім шыңынан көріне берулеріне тілектеспіз!