2019 жылдың 21- қараша күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай   “Мақсұтым-тіл ұстартып өнер шашпақ” атты Абай оқулары өтті.

Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Әдеби кеш 3 номинациядан тұрды:

1- номинация «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу;

2- номинация «Көңілім әнді ұғады», Абай әндерін орындау;

3- номинация «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындар байқауы (өз шығармарларынан өлеңдер оқу);

Абай оқуларына әр топтан бірнеше студенттер қатысып, өз өнерлерін көрсете біліп, өнерге деген қызығушылықтарын танытты.  Әдеби кештің қорытындысы бойынша 1- орын №35 -топтың студенті Аубакирова Эльвира, 2- орын №38-топтың студенті Шалабай Назгуль, 3-орын №36- топтың студенті Сартай Ерхан иеленді. Бірнеше студенттерге іс-шараға қатысқан үшін грамотамен марапатталды.

Іс-шараны ұйымдастырған  ұстаздарға Жумабекова Рысты Айтмаганбетовна мен Махметова Сандугаш Темирболатовнаға алғыс білдіреміз