Қазан айының 29-31 аралығында Қ. Пшенбаев атындағы “Екібастұз тау-техникалық колледжі” КМҚК –де  «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» ЦӘК апталығы өтті.

Бекітілген жоспар бойынша күн сайын іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 30.10.2019 ж. Юхименко И. В және Расола Е “Киім тарихы”тақырыбында екі тілде викторина өткізді. Іс-шараға “Тігінші” мамандығы бойынша І және ІІІ курс студенттері қатысты. Викторинаға тек команда мүшелері ғана емес, сонымен қатар белсене қатысқан оқытушылар да болды. Ал студенттер жағымды энергия ала отырып, жүргізушілердің сұрақтарына белсенді жауап берді. Сайыс бір-бірін “Подиум”, “Викторина”, “Менің арманымдағы арнайы киім үлгісі” сияқты кезеңдермен толықтырып отырды. Құмарлық, интеллект, ептілік, жеңіске деген ерік аудиторияда сағат бойы сезіліп тұрды. Викторинаның қорытындысы бойынша командалар бірдей ұпай жинады, есеп теңестірілді, “достық”жеңді.

“Тігін өндірісі және киім үлгілеу” ЦӘК апталығының үшінші күнінде өндірістік оқыту шеберлері И. Юхименко мен Е. Расола “Менің арманымдағы арнайы киім үлгісі”байқауын өткізді. Байқаудың тақырыбы кездейсоқ емес, барлық плакаттар студенттер таңдаған мамандықтарға арналуы және олардың ерекшеліктерін ашып, студенттер мен болашақ талапкерлердің осы мамандықтарға қызығушылығын қалыптастыруы тиіс болды.

         Апта қорытындысы бойынша 1, 2, 3 курс студенттері ерекшеленді: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану; Жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар; Токарлық іс және металл өңдеу және Дәнекерлеу ісі. Апта қорытындысы бойынша студенттерге дипломдар мен сертификаттар табысталды.