«Жақсылық жаса» акциясына біздің колледж студенттері белсенді атсалысты.

Қайырымдылық акциясын  бірінші болып 1 курс студенттері №36 топ қолға алды. Топ студенттері жалғыз тұратын зейнеткер әжейдің ауласын тазалап,  аулада жатқан көмірін қораға кіргізіп берді.

Әжей қолқанат балаларға батасын беріп риза болды. «Тігінші» мамандығында оқитын қыздар №38 тобы колледждегі барлығына тәтті бауырсақ пен кәмпит таратты.№ 28 топ студенттері аялдамадағы тоңып тұрған жолаушыларға ыстық шай ұсынып,оларды мәз-мейрам қылды.  № 30 топтың студенттері қарт әже мен ақсақалдың ауласындағы бар қарды күреп,ағашын жарып,  оларды риза қылып, ақ батасына кенелді.

         «Жақсылық жаса, бірақ қайырымын күтпе» деген ғой  дана халқымыз. Жақсылық жасауға асығайык ағайын!