2019 жылғы қазан айының 24 мен 25 күндері «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Бірінші курс студенттерінің ата-аналары балаларының бейімделу процесіне қызығушылық білдірді. Осы мәселе бойынша колледж психологы Т.М. Мухамеджанова сөз сөйледі. Осы оқу жылында бірінші курсқа 135 талапкер түсіп, оның ішінде 29 қыз балалар және ұл балалардың саны 106. барлығы әртүрлі мектептерден келген және де әр баланың мінездері әртүрлі.

Студенттердің бейімделуі мен ең маңыздысы олардың колледждің жаңа жағдайларын қабылдауы, топтағы әр баламен ортақ тіл табысуы, оған кездескен мәселелермен күресу қабілеті, студенттік өмірге тез бейімделуі болып табылады. Бұл мәселені шеше алмау кейбір ең мазасыз және эмоционалды тұрақсыз бірінші курс студенттерінде тіпті жүйке психикасының бұзылуларына алып келуі мүмкін.

Студенттердің еш ауырпалықсыз бейімделуі және оларды қолдау үшін ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар берілді:

-жеке тұлғаның күшті жіктеріне сүйену;

-өзара қарым-қатынас кезінде әзілді көтере білу;

-тапсырманы орындау кезінде барлық әрекеттерді қолдана білу;

-жасөспірімнің даралығын қабылдай білу;

-жөсөспірімге сенімділік білдіру;

Жиналыс соңында 1 және 2 курстың барлық топтарында ата-аналарға өз балаларының тәуелділігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

 

Психолог Т.М. Мухамеджанова