21 қазан айынан бастап, 25 қазанға дейін «Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК «Металлөңдеу және дәнекерлеу» циклдік әдістемелік комиссиясының апталығы өтті. Алдын-ала құрылып, бекітілген жоспар бойынша, әр күн сайын жауаптылар өз іс-шараларын өткізді. Айта кетсек, өндірістік оқыту шеберлері Ж.Иманкулова мен Г.Жаябаева «MindCraft» интеллектуалды ойын-сауық ойынын өткізді. Бұл ойынға төрт топ студенттері 4 команда болып жарысты. Жарыс нәтижесінде №24 топ студенттері жеңіске жетті. Аптаның үшінші күні Б.Жабикенова мен А.Исина «Менің колледжім» атты марафонын өткізді. Марафонның қорытындысы бойынша №35 топ студенттері бірінші болып топ жарды. Апталықтың төртінші күні «Ең үздік» атты сайысымен жалғасты. Бұл сайыс  өндірістік корпус цехтарында, практикалық жұмыстарды орындаумен көрініс алды. Кәсіби сайыстың қорытындысы бойынша болашақ «Электр газымен дәнекерлеуші» Путинцев Антон «Ең үздік» атанды. Сондай-ақ, «Токарь» мамандығы бойынша білім алушы Байзаков Сабыр да «Ең үздік» мәртебесіне ие болды. «Металлөңдеу және дәнекерлеу» ЦӘК апталығы «Металлисттер круизі» атты іс-шарамен қорытыланды. Іс-шараның өту барысында, студенттер өздері оқитын мамандықтар мен топтары жайлы презентация арқылы мағлұмат берді. Апталық пен кештің қорытындысы бойынша, іс-шараларға қатысқан студенттерге дипломдар мен сертификаттар табысталды.