14 қазан күні «Жылжымалы құрам» апталығы шеңберінде арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері М.У. Мурзаханова, Л.К.Усембаева, Г.Ж.Опабекова, Е.Т.Касымов, А.М.Бейсебаева №34,22,28 топтары аралығында өткізілді. «Жылжымалы құрам» апталығының ашылуында №34 топтың студенттері мамандықтарын таныстырды.

22, 28,34 топтары аралығында Л.К. Усембаева, Г.Ж.Опабекова «Поле чудес» интелектуалды ойынын өткізді. Байқауда 22 топ студенті А.Атчанов жеңімпаз атанды.

         Арнайы пән оқытушысы М.У.Мурзаханова № 22,28 топтарымен «Үздік мамандық» байқауын өткізді. Э.Керлах, Р.Набиев және А.Атчанов капитандарына қатысқандары үшін грамота табыс етті.

Дәнекерлеу ісі «Шебер қолдар» атты конкурсын шебер-нұсқаушы Е.Т. Касымов №34 тобымен өткізді. Байқауда Т.Олжабай -1 орын, А.Жалау-2 орын, И. Толен-3 орын иеленді.  Сонымен қатар «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» бойынша газет көрмесі ұйымдастырылып, оған №31,27,22,28,34 топтары қатысып, 1 орынды -31 топ, 2 орынды-27 топ, 3 орынды-28 топ иеленді.