Ағымдағы жылдың 18-ші қазанында «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК  «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасы өтті. Бұл аталған шара бірінші курс студенттерінің құрметіне арналып, шараға 5 топ студенттері қатысты.  Колледж басшысының міндетін атқарушы Б.Н. Байжанова бірінші курс студенттеріне жақсы тілектерін айтып, студенттік билет табыстады. Кеш барысында студенттер көрермендер назарына өз мамандықтары бойынша презентация ұсынып, өз өнерлерін көрсетті.  Іс-шараны өткізуге жауапты өндірістік оқыту шебері Б.Д. Жабикенова мен №30 топ студенттерінің ұйымдастыруымен түрлі сайыстар өткізіліп, кеш өте қызықты өтті.