2019 жылы 9 қазанда колледжде «Кеншілер мен Электромонтерлер» ЦӘК апталығы аясында екі сала бойынша digital дағдыларын қолдана отырып, колледж студенттері арасында үздік шешімдер жасау бойынша «Хакатон – идеялар конкурсы» өткізілді: тау-кен және электр энергетикасы. Жетекшісі: Кокаева Салтанат Оразханқызы.

         Іс-шараның мақсаты колледждің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік қызметтің өзекті мәселелерін шешуге тарту үшін алаң құру болды.

         Байқауға 4 команда қатысты, олар өз идеяларын қазылар алқасы мен тыңдаушыларға – колледж және қала мектептерінің оқушыларына ұсынды. Мамандықтар мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары шақырылды.

         Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша 35 топ үздік атанып, болашақ Кеншілер мен Электромонтерлер арасында бірінші орынға ие болып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.