Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде А. Құнанбаевтің 175-жылдығына арналған өлеңдерді оқу байқауы болды. Ол  қазан айының 2-сі күні ҚР тұңғыш президенті кабинетінде ұйымдастырылды.

Абайдың шығармашылық мұрасы әлемдік әдебиеттің баға жетпес қазынасына жатады. Абай поэзиясы көп қырлы. Онда қазақ халқының өмірінің барлық жақтары көрініс тапты. Абайдың шығармалары адамды терең ойға батырып, жүректі тебірентері хақ. Қазіргі таңда Абай Құнанбаевтің шығармалары 60 тілге аударылған.

Іс-шара «Көзімнің қарасы» әнімен салтанатты түрде ашылды. Содан соң кітапханашы Кожемяк Ольга Викторовна  «Қазақтың бас ақыны-А.Құнанбаев» атты презентациясын ұсына отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын баяндады.

Байқауға-29, 31, 34, 35, 37 топтары белсене қатысты.

№29 тобының студенті Абельдинов Алмас «Күз» өлеңін ағылшын тілінде оқыды. Ионов Данил «Добро проходит быстротечно», Гаращенко Макар «Различен с природой в судьбе человек» атты өлеңдерін оқыды.

№34 тобының студенті Жармухамбетов Кирилл Абайдың «Огнем и пламенем» өлеңін мәнерлеп оқыды. Байқаудың қортыныдысы бойынша ол 2 орынға ие болды.

Студенты группы №35 тобының студенттері Жумадилова Дидар мен Аубакирова Эльвира «Адамның кейбір кездері» мен «Алла деген сөз жеңіл» атты өлеңдерін оқып, ал Чернышев Антон исполнил «Наш холоден ум наподобие льда» атты өлеңін айтты.

№31 топтың студенті Өмірбай Рахмет «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»,  ал  Лукашин Тимур «Журавли в теплый край вереницей летят», және Филянин Владислав  «К Аллаху дорога ведет не из уст» атты өлеңдерін оқыды.

   №37 топтың студенті Тамаргалиев Акылбек «Қөзімнің қарасы» өлеңін үш тілде оқып барлығын таң қалдырды. Әрине ол сөзсіз 1 орынды иеленді. Сонымен қатар   Ларкин Максим «Қөзімнің қарасы» әнін ағылшын тілінде орындап берді. Змеев Олег «Как падучая звезда» өлеңімен байқауды ақтады.

 Іс-шара соңында ағылшын пәнінің оқытушысы Елисеева Наталья Эдуардовна байқау қатысушыларына алғыс білдірді.

Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің «Қазақстан

халқы фестивалы» тілдер айлығының аяқталу іс-шарасында  1, 2, 3 орын алғандарға грамоталар табысталатын болады.