Сарсенбаева Дамели Нурбековна – білікті маман, өз ісінің шебері, шығармашыл,  Қ.Пішенбаев атындағы Екібастуз тау-кен техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

Жұмыс барысында Дамели Нурбековна  өзін тагымы мол, өз пәнінің теориясы мен әдіс-тісілдерін толық білетін жанажыл, заманауи талаптарға  сәйкес жаңа технологиялар турлерін менғерген оқытушы ретінде көрсетті. Оның сабақтары тиімділігімен, әртүрлі шығармашылық бағытта құрылған педагогикалық шеберлігімен ерекшеленеді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы педагог студенттердің білім сапасын жоғары деңгейге жеткізді (70-80%). Оқытушы студенттердің кәсіби қызығушылығын дамыту мен білім сапасын  арттыру мен қатар «Металлист» уйірмесінде табысты қызмет атқаруда.

Дамели Нурбековна студенттермен бірге электрондық презентациялар мен плакаттар қорын, бақылау өлшемдерін   құрастырып, көрнекті құралдар мен демонстрациялық стенд пен макеттердайындап, мол әдістемелік материал жинақтады.

 Сарсенбаева Д. Н.  «Сварка и резка металлов» оқулық пен «Токарлық іс» оку-әдістемелік кешенінің авторы. Сонымен қатар, оқытушы «Токарлық ісі» мамандығы бойынша сертификация үшін тест тапсырмаларын құрастырып, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша  оқулықтар мен оку-әдістемелік кешендерін апробация мен экспертизасына қатысты.

Көп жыл бойы Дамели Нурбековна техникалық пәндер бойынша циклдық әдістемелік коммисиясын басқарып, жас мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуына үдес қосты.

 Педагог әрдайым әр-түрлі денгейдегі сайыстарға қатысуда.  2013 жылы  «Үздік педагог» атты облыстық сайысының «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» номинасиясында лауреат атанды.  2018, 2019 жылдары Дамели Нурбековнаның студенттері WorldSkillsPavlodar аймақтық чемпионатында «Дәнекерлеу ісі», «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша жүлделі орындарға ие болды. Дамели Нурбековнаның жетістіктері «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына енді.

Сарсенбаева Д.Н. әріптестерінің, студенттердің, ата-аналардың арасында сыйлы, құрметке ие. Көп жылдар бойы педагогикалық салада адал қызмет  еткені үшін көптеген грамоталар, алғыс хаттармен марапатталған, көмір өнерқәсібінің Кұрметті  қызметкері атанды.

Д. Н. Сарсенбаева Ресубликалық тамыз конференциясында ҚР Президентінің алғыс хатына ие болды.