2019 жылы 4 маусым күні «Богатырь Көмір» оқу-курстық комбинаты базасында  Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің қызметкерлері үшін «Богатырь кенішінің экскаваторын жаңғырту» атты тақырыпта дуалдық оқытуды жүзеге асыру мақсатында оқыту семинары өтті. Бас энергетика қызметінің бас технологы В.И.Майоров дәріскер болды. Семинар барысында педагогтар компанияда жұмыс істейтін жаңа тау-кен техникасы туралы, экскаватор түрлерін жаңғырту туралы мазмұнды ақпараттар алды. 2019 жылдың 30 мамырында «Богатыр Көмір» кенішінде іске қосылған ЭКГ-20 жаңа экскаваторы тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Семинар соңында «Богатырь Көмір» ЖШС оқу-курстық комбинатының басшысы Л.В.Шарипова қатысушыларға сертификат табыс етті.