4 мамыр күні колледж кітапханасында Жеңіс күні мерекесіне орай «Жеңіс жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыста қатысушылар Жеңіс күніне арналған  қазақ және орыс ақындарының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Байқау талабы бойынша қатысушылар таңдаған өлеңдеріне сай музыкалық сүйемелдеу дайындады.

Сайысқа колледж студенттерінің №23, №26, №27, №28, №29, №30, №31, №32 топтары қатысты және сайыс барысында оған тыңғылықты әзірленгендіктерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша, I орынды №23 топ студенті Соболева Римма, II орынды №26 топ студенті Шалабай Нұргүл, III №29 топ студенті Ионов Данил иеленді.

Жеңімпаздар мен  қатысушылар  мақтау қағаздарымен марапатталды.