Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК-да студенттер арасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған колледжішілік мерекелік іс-шара өтті. ЭОП-23 тобының студенттерінің жауапкершілікпен ұйымдастыруымен аталған шара нәтижелі атқарылды. Мереке залы гүлдер мен шарларға толы безендіруден бастау алды.

Келген қонақтар 1 мамыр мерекесінің тарихи деректерімен танысып, еліміз

Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, бұл мерекені «Қазақстан халқының бірлігі күні» деп жарияланғанынан ақпарат берілді.

Колледж студенттері әр түрлі тілде достық және бірлік туралы өлеңдер мәнерлеп оқып, әндері айтылды.     Сонымен, Қазақстанда 1 мамыр мерекесі барлық қазақстандық этнос өкілдерінің достығы мен өзара түсіністігін, 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбітшіліктің және келісімнің зор екенін паш етті.

Бұл мереке – біздің бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысымыздың  тарихи негізі.