Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай ғалымның  өмірімен танысу және қазақтан шыққан тұңғыш геологтың ғылыми жаңалықтарын насихаттау мақсатында «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде» бірнеше аталмыш іс-шаралар өтті.

  • 8 сәуір күні колледж кітапханасында: «Ұлы тұлға» тақырыбында   кітап көрмесі ұйымдастырылды және көрмеге колледжіміздің 327 білім алушылары мен оқытушылары қатысты.
  • 9 сәуір күні информатика кабинетінде «Ғылымға зор үлес қосқан қайраткер» атты тақырыбында презентация өтті, барлық топтар қатысып (180 студент), №26, №28 топтар жеңімпаз атанды.
  • 10 сәуір күні тарих пәнінің оқытушысы №28, 30 топтары арасында «Рухани жаңғыру: тұлға тағылымы» атты тақырыпта дәріс оқыды, барлығы 50 студент қатысты.
  • 11 сәуір күні барлық топтарда «Біртуар тұлға» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында Қ.И.Сәтбаевтың өмірлік қызметі талқыланып, қатысушылар шығармашылығына қатысты көптеген сұрақтар қойды, барлығы-174 студент.
  • 12 сәуір күні колледж кітапханасында бірінші курс арасында барлығы 15 студент пен оқытушылардың қатысуымен «Менің халқым менен де биік» атты конкурста Қ.И.Сәтбаевқа арналған Қ.Аманжоловтың, М.Мақатаевтың, Т.Молдағалиевтің өлеңдері оқылды.