С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде атақты қазақ ғалымы, геолого-минералогиялық ғылымдар докторы, Қазақ КСР ғылым Академиясының тұңғыш президенті, КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «ХІХ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияғы жас магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысты. Шараның қонақтарын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова қарсы алды.

Конференцияға Қазақстанның Ақтөбе, Алматы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Орал, Тараз, сонымен қатар, көршілес жатқан Ресей қалаларынан 1500-ден астам мақала түсті. Ғылыми материалдар бойынша жинақтың 22 томы басып шығарылды.

Аталмаш іс-шараға жас ғалымдар, магистранттар, студенттер, оқұшылар қатысты. Конференция секциялар бойынша өткізілді, 41 секция жұмыс істеді.

Біздің колледжден “Автоматтандыру және телекоммуникацияның дамуы” бағыты бойынша №14 топ студенті Горбань Эдуард, “Рухани жаңғыру”- болашаққа бағдар және “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы бойынша №30 топ студенті Кабашева Зарина қатысты.

Конференцияның нәтижесі бойынша біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды. Кабашева Зарина-2 орын алды, ғылыми жетекшесі –Махметова Сандугаш Темірболатқызы, Горбань Эдуард- 3орынға ие болды, ғылыми жетекшісі –Садыкова Гульжан Жакишевна.

Студенттер жүлделі орындарды қанжығаларына байлап, ұстаздарын куантты.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.

Осындай дүбірлі байқауда колледжіміздің мәртебесін көтерген жастарға жеңіс тұғырынан қөріне беріңіздер демекпіз!

Қуттықтаймыз!