2019 жылы 9 сәуір күні Ақсу қара металлургия колледжі базасында 3 құзыреттілік бойынша «Слесарлық іс», «ЧПУ станоктарындағы токарлық жұмыстар», «Дәнекерлеу ісі» WorldSkills Павлодар 2019 аймақтық чемпионаты басталды, яғни оған Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі атынан студенттер қатысты. Осыған орай алғашқы нәтижелер де бар. №17  тобының студенті Ергибаев Кантай шебер-нұсқаушы Н.С.Сабденбековтің жетекшілігімен «Дәнекерлеу ісі» бойынша барлық практикалық тапсырмалардан 187 ұпай  жинап, ІІ орынға ие болды.

Құттықтаймыз!