2019 жылғы наурыздың 20-ы күні колледжде «Төрлет,әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

         Мерекені колледж басшысы С.М.Кабышева құттықтау сөзімен ашты. Сахнада қазақтың киіз үйі тігіліп, дастархан жайылды. Наурыз құрметіне шашулар шашылып, арнайы келген Қыдыр ата ақ батасын берді. «Элекртгазымен дәнекерлеуші» №32 топ студенттерінің көмегімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты.

         Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлерінің көріністері көрсетілді. Колледж оқытушылары Ж.М.Конысбекова мен С.Т.Махметова «Отқа май құю» рәсімі мен «Тұсау кесер» дәстүрлерін көрсетті. Мерекелік іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталды.

         Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Еліміз наурыздан наурызға аман-есен жете берсін!