Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты базасында 14 наурыз күні колледждер мен мектептер арасында  «Компьютериада-2019» атты қалалық конкурс өтті. Конкурсқа №27 тобының студенттері Кустов Руслан, Козин Анатолий, Браун Сергей, №23 тобының студенті Рахимбаев Тлек қатысты, студенттерді конурсқа информатика пәнінің оқытушысы Г.Ж. Садыкова дайындады.

Конкурс келесі кезеңдерді қамтыды: үй тапсырмасы (амандасу, өз топтарын таныстыру, ұраны, эмблема), «Ғажайып-техника» (жүйелік блокты бөлшектеу және құрастыру), «Байланыстың аты байланыс» (кабельді қысу), «Пернетақта» (пернетақтаны құрастыру), және де тест тапсырмалары. Конкурстың қорытындысы бойынша  барлық қатысушылардың арасында біздің колледждің  «Intel team» тобы жеңімпаз атанып «Үздік топ» атты грамотамен және «ИнтерСофт» фирмасының сыйлығымен марапатталды, сонымен қатар Козин Анатолий «Үздік техник» грамотасын иеленді.

Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!