6 наурыз күні біздің колледжде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған “Мерекелік поезд” атты мерекелік концерт өтті. Студенттер дайындаған вокалдық нөмірлер мен би композициялары барлық қатысушыларға әсерлі және жағымды эмоциялар сыйлады. Барлық нәзік жанды әйел-қыздарды  колледж басшысы С. М. Кабышева құттықтады. №27 топпен саяхат түрінде ұйымдастырылған мерекелік поезда өткен концерттік бағдарлама және бақытты станциялар аялдамасы баршаға жақсы, шуақты, мерекелік көңіл-күй сыйлады!