«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық онкүндік өткізу шеңберінде «Қ. Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндіктің салтанатты ашылуы (жалпы колледждік салтанатты линейка).
  2. Кітапханада С.А. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарлама авторының қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  3. Студенттердің шығармашылық жұмыс көрмесі ұйымдастырылды (жұмыстар, суреттер).
  4. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыбында эссе жазу конкурсы өткізілді.
  5. Барлық топтарда «Жер бетінде қайырымдылыққа ғана орын бар» атты флеш-моб өткізілді.
  6. 02.2019ж. барлық топтарда «Мейірімділік-асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Мейірімділік-күн шуағы, адамның жүрегіне жылу ұялататын», «Таң қуанышты кездесулерге толы болсын» тақырыбында өзін-өзі тану сабағы өткізілді.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндікте колледждің барлық топтары белсене ат салысты. Өзін-өзі тану сабағының бірінші күнінде әр түрлі жұмыс түрлері, яғни рухани және мейірімділік жөнінде бейнероликтер, викториналық сұрақтар, сауалнамалар, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, мысалдарды талқылап, соңында студенттер бір-біріне қошемет сөздер айтылды.

2 курс студенттері шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастырып, өздерінің жасаған дүниелерінің не үшін, қандай мақсатпен жасалғандығы туралы баяндады.

Кітапханашы А.Ш.Сарсенбекова студенттерге С.А. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарлама авторының қызметі жөнінде толық мағлұмат берді.

Колледж студенттері арасында  «Руханилықтың мөлдір бұлағы»  атты тақырыпта эссе жазу конкурсы өтті, яғни олар барлық адамдарға тән қасиеттер соның ішінде қайырымдылық, мейірімділік туралы, аналарына деген құрметі жайлы ойларын ортаға салып, талқыланды.

Сонымен қатар, барлық топтар өзін-өзі тану онкүндігіне арналған «Жер бетінде қайырымдылыққа ғана орын бар» атты флеш-моб өткізілді.

Онкүндік қорытынды шығарумен аяқталды.