2019 жылы 01 ақпан күні «Электргазымен дәнекерлеуші» №17 тобының өндірістік-технологиялық қорғау практикасы өтті.

Топ «Богатырь комир» ЖШС РГТО зауытында дуалдық оқыту жүйесі бойынша технологиялық практикадан өтті.

Студенттер практикадан өту кезінде кәсіпорын қызметінің сипатымен, жұмыс кестесімен, кәсіпорын аумағында және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы ережелерімен және лауазымдық нұсқаулықтармен танысты.

Олар өздерінің біліктілігі бойынша тәлімгерлерінен өндірісте үйренген жұмыстарын, дәнекерлеушінің жұмысы одан әрі ұнай түскендерін айтып, көрсетті, кейбір студенттердің оқу курсы аяқталғаннан кейін кәсіпорынға жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері пайда болды.

«Богатырь комир» ЖШС РГТО зауытының металл құрастырушы учаскесінің басшысы М.Н. Жапашев Ергибаев Кантай, Кукишев Дамир және Әлибаев Нұртуған есімді студенттерді жауапты әрі адал  практиканттар деп марапаттады.. Металл құрастырушы учаскесі әкімшілігі атынан К. Ергибаевқа, Д.Кукишевқа, Н. Әлибаевқа алғыс хат беріліп, және де колледжді аяқтағаннан кейін Ергибаев Қантайды жұмысқа алу жөнінде зауыт басшысына қолдаухат жазылды.

Практика соңында «Электргазымен дәнекерлеуші» № 17 тобының студенттері өздерін сауатты мамандар ретінде көрсетіп, теориялық білімдерін практикада қолдана біліп, белгіленген бағдарламаны толық көлемде орындап шықты. Сондай-ақ, студенттер практикадан өту процесінде өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, өздігінен жұмысқа деген үлкен үлестерін практикалық дағдыларымен бекітті деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар студенттер кәсіпорын жұмыстарына белсене қатысты.