2018 жылдың 15 желтоқсан күні колледжіміздің акті залында  Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиын ҚР-ның гимні мен  мемлекеттік тудың енгізілуімен басталды. Колледж басшысы С.Кабышева студенттер мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, Қазақстан бүгінде өз тарихының белгілі бір белесінен өткені туралы   баяндады.

№24 топ    «Токарь» мамандығында оқитын 2 курс студенттері «Тәуелсіздіктің сөнбес таңы» тақырыбында әдеби-көркем монтаж қойылымын көрсетіп,   жалынды

өлеңдер оқып, тарихтағы 1986 жылғы 16 желтоқсандағы жастардың  ұмытылмас ерліктерін еске алып, атақты  «Желтоқсан желі» әні  шырқалып, тарих  парақтарынан көрініс көрсетілді.

1 курс    студенттері  Абельдинов  Алмас, Кабашева Зарина  жүректерін жарып шыққан, Тәуелсіздіктің 27 жылдығына  арналған  қызғалдақ  жырларын алғаш рет оқып, көрермендерді тәнті етті.

Салтанатты жиынның соңында колледж басшысы С.Кабышева Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  колледжде өткен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен іс-шараларға, конкурстарға белсенді қатысқан студенттерді грамоталармен марапаттады.

«Тәуелсіздіктің сөнбес таңы» тақырыбындағы салтанатты жиын №24 топтың хормен орындауындағы «Қазақстаным»  әнімен аяқталды.

Тәуелсіздігіміз қуатты,жастарымыз намысты,ойымыздың көк жиегі биік,еңсеміз биік болсын!