«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша жылжымалы құрамның апталығы өтті. Іс-шаралардың өткізілу мақсаты студенттердің таңдаған мамандықтарына кәсіптік қызығушылығын қалыптастыру.

Мамандық бойынша апта шеңберінде өткізілген іс-шаралардың нәтижелері- таңдаған  мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауы, топтың бірігіп жұмыс жасауы, студенттерде сапалы білім қалыптастыруы, ертеңгі күнге деген сенімділіктің болуын қалыптастырады.  Г. Опабекова, Л. Усембаева, А. Бейсебаева өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен келесі іс-шаралар өткізілді: «А ну-ка, парни!», «Своя игра», «Звездный состав», таңдаған мамандығымен пәніне студенттердің қызығушылығын танытты. Конкурс үш кезеңнен тұрады, 1,2,3 курс студенттерді қатысты. «А ну-ка, парни!» конкурсының нәтижесінде ТОПС-22 тобының командасы жеңімпаз атанды, ПМЭ-28,14 топ қатысушылары тәтті сыйлықтарымен және грамотамен марапатталды.