2018 жылы 13 желтоқсанда «Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжінде» «Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықты алдын алу» ИПҰ үшін педагогтардың колледж студенттері арасында алғашқы суицидтік мінез-құлықты алдын алу дағдыларын қалыптастыруда, дағдарыстық жағдайларда студенттермен өзара іс-қимылда педагогтардың қолдау көрсету стратегиясының репертуарын кеңейту мақсатында алдын алу іс-шарасы өтті.

     Семинар психологиялық көңіл күймен, яғни  қатысушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында  жүрекшелер жазумен басталды.

Басында ҚР бойынша статистика келтірілді: соңғы жылдары суицидпен аяқталу 35%-ке төмендеу динамикасы байқалады, ал әрекет-39,8%, дегенмен Қазақстан кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау саны бойынша көсбасшылардың бірі болып табылады.

     Ел бойынша көрсетілген жастар тобындағы 100 мың балалардың ішінде мектеп жасындағы және оқушы жастар арасында суицидпен аяқталу деңгейінің 5 жағдайын құрады. 15-17 жас аралығындағы 14,8 жағдай көрсеткіші үш есе жоғары.

     Семинар кезінде педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері топта жұмыс жасай отырып, суицидтік мінез-құлықтың түрін, себебін, қауіпті факторларын талқылады. Студенттердің суицидтік мінез-құлыққа тән жеке тұлғалық ерекшеліктері анықталды.

    Педагогтар жасөспірім арасындағы профилактикалық жұмысты орындай отырып, төмендегілерді пысықтады: біріншіден (педагогикалық)-дағдарыстық жағдайды жеңу және өз өмірін қалыптастыруға қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастыру; барлық студенттерге бағытталған;

    Екіншіден (психологиялық)– ерте анықталған «қауіпті топтағы» студенттермен дағдарыс жағдайларын шешу және суицидті болдырмау мақсатында олармен жұмыс жасау. «Қауіпті топтағы» студенттерге бағытталған;

    Үшіншіден (тар сала мамандары)– қайталануды алдын алу.

 Студенттің суицидке қарсы қасиеттерін дамытуға бағытталған интерактивті,  профилактикалық сыныптан тыс іс-шара моделін құрастырды.

    Соңында студенттер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы басты міндет- жастардың мінез-құлқындағы дағдысы мен жоғарғы тиімді стратегияларын дамыту, өмірдегі проблемаларды жеңу және шешім қабылдау дағдыларын, әлеуметтік жағдайды бағалау және өз мінез-құлқына жауапкершілікті қабылдау дағдыларын қалыптастыру туралы тұжырым шығарылды.