Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні кітапханада І курстың №30, 32 топтары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Менің Сарыарқам» атты интелектуалды танымдық ойын өтті.

Ойынның мақсаты:

– жас ұрпақтың патриоТтық сезімдерін қалыптастыру және Отанға деген мақтаныш сезімдерін ояту;

– студенттердің білімді жан-жанты, зерттеу қабілеттерін және оқу-танымдық дәрежелерін  арттыру;

– интелектуалды танымдық қабілеттерінің қалыптасуына жол ашу;

– топтар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;

– білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шара әр топтың өзін-өзі таныстыруынан басталды, келген қонақтар мен жанкүйерлері, сонымен қоса, әділқазы мүшелері таныстырылды.

Аталған іс-шара «21ғасыр көшбасшысы» форматында өте қызықты өтті.

Екі құрам да өз топтарын жақсы дәрежеде көрсете білді және қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға ұтымды жауап бере білді.

Ойынның қорытындысы: I орын «Отаным», II орын «Туған өлкем» командасына берілді.