Колледждің педагогтары “IQ college” зияткерлік шығармашылық олимпиадасына  белсене қатысты. Зияткерлік қашықтық олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– колледждің рейтингін көтеру;
– педагогикалық қызметкерлерді қолдау, кәсіби ойлау мен белсенділігін дамыту.

 Қашықтық   шығармашылық  зияткерлік олимпиадаға  36 педагог  қатысты.  Тапсырмалар ұстаздарды таң қалдырды, мұнда белгілі қазақстандық ағартушы педагогтарды еске алып қана қоймай, сонымен бірге олардың білім беруді дамытуға қосқан негізгі үлестері жайлы, сонымен қатар 20 ғасырдың бас кезіндегі жанашыл  педагог  Ахмет Байтұрсыновтың инновациялық педагогикалық идеялары бүгінгі күні өзекті екендігі айқындалды, олардың арасында білім беру жүйесінің модернизациясы адами капиталдың сапалы өсуінің басты векторы, сапалы білім беру елдің индустриялды дамуының негізі, оқытудың мазмұнын, түрлері мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Олимпиаданың  нәтижесі бойынша  2 орынға -11 педагог, 3 орынға -16 педагог, қатысқаны үшін – 9 педагог сертификатқа ие болды.