“Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу және Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар” мамандықтарының  «Кеншілер апталығы» өтті. Апталықты өткізу мақсатымыз студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру болып табылады

Қойылған мақсатты шешу үшін келесі міндеттер қойылды: а),көпшілік алдында  студенттер мен оқытушылардың таланттарын жандандыру ; б) оқудан тыс іс-шаралардың ерекшеліктерін пайдалану в)  интеллектуалдық ойындар ұйыдастыру

Апталық аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралардан  студенттердің өз мамандығына деген үлкен қызығушылықтарын, топты біріктіруге, студенттердің терең білімдерімен біліктіліктерін, ұжымда жұмыс істеуге, жауапкершілікке, өз күшіне сенім арттыру.

ЦМК отырысында бекітілген алдын ала әзірленген жоспар бойынша Апталық жұмысы жүзеге асырылды. Жұмыс жоспарында  күні, өткізілетін орны және жауапты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бекітілді.

 «Кеншілер апталығын» өткізу мерзімі  қарашаның 12-нен 16на шейін жалғасты.

Апталықтың ашылуы өте жарқын болды. Студенттер өз мамандықтары жайында  музыка,ән және   өлең жолдарымен жеткізді.