Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай колледжімізде «Полония», «Братство» атты Достық үйінің этномәдени   орталықтарының өкілдері қатысқан    «Қазақстан-ортақ үйіміз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

        Басты мақсат – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілік мен отансүйгіштік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, студенттердің басқа ұлт өкілдерінің өмірі, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық өнеріне деген қызығушылығын арттыру, өз еліне, өз халқына деген мақтаныш, басқа ұлттардың салт-дәстүріне деген сый, құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу болып табылады.

  Іс –шарада  әр халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрі жөнінде сөз қозғалды. Студенттер Қазақстан, атамекен жайлы патриоттық сезімді толғандыратын өлеңдер оқып, презентациялар көрсетіп,  пікір алмасты.