2018 жылы қарашаның 14 -і күні  біздің колледждің инженерлі-педагогикалық ұжымы және студенттері республикалық бүкілхалықтық диктант жазуға белсене қатысты. Диктант тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.  Колледж студенттері мен жас мамандар тарихтың жаңа құжатын ықыласпен меңгеруде.

         Кешегі өткен Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов еркін меңгерген латын әліпбиін бүгінгі жас ұрпақ шын ниетпен жалғастыруда.