2018 жылғы  қазанның 22-нен қарашаның 02-не дейін Павлодар техникалық сервис колледжі базасында “Kasipkor Холдинг” ҰАҚ білім беру оқу орталығымен ұйымдастырылған  «Орта білімнен кейін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын  жүзеге асыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттыру курстары өтті.

Курсты Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің әдіскері, облыс әдіскерлерінің әдістемелік бірлестігінің төрағасы, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ штаттан тыс тренері Жумабекова  Рысты  Айтмаганбетовна өткізді.

Курс тыңдаушылары Павлодар облысының өндірістік оқыту шеберлері, басшының ӨОЖ, ОЖ жөніндегі орынбасарлары болды. Курстан өту барысында тыңдаушылар 7 модуль бойынша әртүрлі тапсырмалар орындады, сонымен бірге оқу жылына оқытудың қолданбалы бакалавриаты бойынша академиялық күнтізбе құру жұмыстары өткізілді, кәсіби біліктіліктері бойынша практикалық тапсырмалар, тренингтер, пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарлары, сабақ жоспарлары әзірленді.

   Біліктілігін арттыру курстарынан өткен барлық тыңдаушыларға «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ КБО бас менеджері Алмаходжаева Юлдуз Бахтыбаевна халықаралық талаптарға сәйкес сертификаттар табыстады.

Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің әдіскері, облыс әдіскерлерінің әдістемелік бірлестігінің төрағасы, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ штаттан тыс тренері

Жумабекова  Рысты  Айтмаганбетовна