2018ж. қазанның 22 күні біздің колледжде  « Экскаватор машинисі» , №27 топта «Менің мамандығым-менің мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қаламыздың еңбек ардагері Левченко Владимир Константинович шақырылды. Ардагер кеншінің есімі Екібастұз қаласының құрмет тақтасына,Қазақстан энциклопедиясына және

«Кенші даңқы» кітабына енгізілген. Шахтер даңқы төс белгілерімен марапатталған.

Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарды қойып,қарт кеншінің мазмұнды әңгімесін тыңдап,оның өткен қиын да қызықты өмір белестерінен хабардар болды.

Кездесу өте қызықты өтті, тәрбиелік мағынасы  кең бұл іс-шара, жасөспірім жеткіншек жас буынның келешек өміріне  өз ықпалын тигізеді деп сенеміз.