Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде азаматтық патриотизмді, отаншылдықты ,аға буынды құрметтеуді қалыптастыру және тәрбиелеу мақсатында қарттар күні мерекесі қарсаңында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 «Дөңгелек үстел» іс-шарасына колледждің ардагер-ұстаздары, 1-2 курс студенттері қатысты. Іс-шара үдерісінде ардагер-ұстаздардың оқу орнындағы  тарихынан шағын үзінділер көрсетілді. Дөңгелек үстелдің екінші бөлімі ардагер-ұстаздардың өмірбаян белестеріне арналды.

Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір алысып, ұстаз-ардагерлердің ақыл- кеңесіне кенеліп, олардың алғысына бөленді.