«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету мақсатында колледжімізде іс-шаралар өтті.

 Кітапханада «Отбасы- негізі өмірдің ұйытқысы» атты көрме ұйымдастырылды, сынып сағаттары өтіп, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктері кеңейтілді.

 Апталық ашық сабағымен аяқталды. Студенттер өз отбасылары туралы слайд жасап, әдет-ғұрыптары туралы айтты. Соңында,колледж психологы Мухамеджанова Т.М. тренинг жаттығуларын өткізді.