2018 жылғы  қыркүйектің «07» күні қалалық «Достық» үйінде  Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне арналған «Тілдер достығы-халық достығы» тақырыбында  мерекелік  фестиваль  ұйымдастырылды.

Іс-шараға қаланың көрнекті ақын-жазушылары мен оқу орындарының белсенді ұстаздары  шақырылып, оларға құрмет көрсетіліп, сахнада қазақ, белорус, неміс, орыс халқының әндері шырқалып, халық достығы дәріптелді.  Мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқандары үшін қала әкімдігі   «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің атынан  біздің колледжден    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Жұмабекова Ырысты Айтмағамбетқызы мен Махметова Сандуғаш Темірболатқызы грамота және сыйлықпен марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтап, қадамдарына гүл бітсін дейміз!!!