2018 жылғы 26 мамырда біздің колледждің студенттері қала кәсіпорындарының, әкімдік қызметкерлер, білім беру, медицина, шағын және орта бизнес, банк секторының қызметкерлері ұжымдарымен  «По порядку, стройся в ряд! На зарядку, все подряд!» ұранымен өткен қалалық таңертеңгілік жаттығуға қатысты. Күн бұлтсыз, ашық болды, ритмикалық музыка ойнап тұрды. Барлығы сергектік қуат алып жақсы көңіл-күйде болды.

Таңғы жаттығу қызығына,
Батамыз да қаламыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз қайта біз.
Көңілді әуен сазымен.
Жаттығуды жасаймыз.