2018 ж. 17 мамырда Павлодар қаласында «Замануи және дәстүр» атты Астана қаласының 20 жылдығына, сонымен қатар “Болашаққа бағдар  Қоғамдық модернизациялау» атты Елбасымыздың бағдарламасының аясында дизайн-сайысы өтті. Біздің колледждың атынан «Домбыра» инсталляциясы ұсынылды. Студенттеріміз Алшимбаев Равиль және Рахметов Алихан домбыраны жоғары деңгейде қорғап 14 орын иеленді. Дизайн-сайыс көрмесінде конструкторлы – техникалық сипатта біздің студенттер шығармашылық үйірмесінде дайындаған бұйымдар қойылды. Сондай-ақ аталмыс сайыста кәсіпке бағыттау жұмысы жүргізіліп, біздің студенттердің жұмыстарын, мектеп оқушылары жоғары бағалады.